17 Наурыз, 2010

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЛЕШЕГІ ЗОР

973 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) төрағасы Мевлют Чавушоглумен жүздесіп, демократия жолындағы әріптестік, Қазақстанның осы мәртебеге ие болудағы келешегі жайлы ойларды ортаға салды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Өз сөзінде Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов Қазақстан­ның қазіргі ішкі және сыртқы сая­саттағы жағдайы мен Пар­ламенттің заң шығару қызметіне тоқталды. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, Ұйымның саммитін өткізу жөніндегі Қа­зақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы туралы айтып өтті. Сонымен қатар, кездесуде Елбасының биылғы Қа­зақстан халқына арнаған Жол­дауында қамтылған басты мәселелер сөз болды. Мевлют Чавушоглу Қазақ­стан­ның ЕКПА-мен ынты­мақ­тастық байланысы жақсы дамып келе жатқанын айтты. ЕКПА-мен біздің байланысымыздың тарихы 2004 жылғы жасасқан ынтымақтастық келісімінен бас­та­лады. Сол кезден бері қарай осы ұйымның көптеген танымал өкілдері Қазақстанға арнайы сапармен келген болатын. Қазақ­стан парламентшілері де ЕКПА жұмысына қатысып жүр. Тарап­тар алдағы уақытта ынтымақ­тастық байланыс пен ашық пікір алмасудың жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді.