Фото: Ақорда
Ақордада жарғыда көрсетілген 1 миллиард доллар көлеміндегі ерікті жарна мүшелікке қойылатын міндетті талап емес екені түсіндірілді. Бұл – әрбір қатысушы мемлекеттің өз еркі. Егер мұндай жарна алғашқы жылдың ішінде төленсе, мемлекетке Бейбітшілік кеңесіндегі мүшелік мерзімін белгіленген 3 жылдан асырып ұзарту мүмкіндігі беріледі.
Президент Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды
«Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне ешқандай қаржылық жарна енгізбестен қосылды, бұл жарғы талаптарына толық сәйкес келеді», деп атап өтті Ақорданың баспасөз қызметі.
Бейбітшілік кеңесі БҰҰ-ға балама құрылымға айналуы мүмкін бе?