Қоғам • 28 Қаңтар, 2026

ChatGPT-де жарнама пайда болады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы уақытта ChatGPT қолданатындар жарнаманы көре бастайды. OpenAI компаниясы чат-боттың тегін нұсқасында және Go моделінде жарнама көрсетілетінін ресми түрде хабарлады. Бұл туралы компания өз сайтында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

ChatGPT-де жарнама пайда болады

Фото: kvadrat.az

OpenAI-дің айтуынша, жарнаманы сынақтан өткізу алдағы бірнеше аптада басталады. Жарнама чат-боттың жауабына әсер етпейді және міндетті түрде арнайы белгімен көрсетіледі. Яғни, қай жерде жарнама, қай жерде ChatGPT-дің өз жауабы екенін қолданушы анық көре алады.

ChatGPT кәмелетке толмағандарды автоматты түрде анықтай бастайды

Компания бір маңызды нәрсені ерекше атап өтті. ChatGPT-пен жазысқан хаттар ешкімге сатылмайды. Пайдаланушылардың жеке деректері мен диалогтары жарнама берушілерге берілмейді. Сонымен қатар әр адам қалаған кезде жарнамаға қатысты деректерді өшіре алады және жеке ұсыныстарды сөндіру мүмкіндігі де сақталады.

OpenAI премиум жазылымы бар қолданушылар үшін жағдай өзгермейтінін айтты. Ақылы аккаунт иелері ChatGPT-ді бұрынғыдай жарнамасыз пайдалана береді.

ChatGPT-дің жаңа сүзгісі

Соңғы жаңалықтар