Оқиға • Кеше

Богданович мұздығында қар көшкіні қаупі жоғары

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кіші Алматы өзені алабында орналасқан Богданович мұздығында және «Шымбұлақ» курорттық аумағында шектеулерді сақтау қажет екенін «Іле-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мәлімдеді. Яғни, қар көшкіні қаупінің жоғары деңгейі сақталып тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Богданович мұздығында қар көшкіні қаупі жоғары

Фото: instagram.com/ ile_alatau_nationalpark

Ұлттық парк мәліметінше, Богданович мұздығы ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жатады және қорықтық режим қолданылатын экологиялық тұрақтандыру аймағында орналасқан.

Шымбұлақтағы қар көшкініне шаңғышылар себепші болған

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңның 45-бабына сәйкес, бұл аумақта реттелетін экологиялық туризмнен өзге шаруашылық және рекреациялық қызмет түрлеріне тыйым салынады.

«Метеорологиялық жағдайдың қолайсыздығын, қар жамылғысының қалыңдығын және көшкін қаупі бар учаскелердің болуын ескере отырып, аталған аумақтарда туристер мен азаматтардың жүруі олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін», делінген хабарламада.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға, туристерге, жүргізушілерге қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті.

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүруі мүмкін

Соңғы жаңалықтар

Он үшінші білім ошағы

Білім • Бүгін, 07:20