Спорт • 15 Маусым, 2019

Көш басында - Канело

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Boxing Kingdom» деп аталатын танымал твиттер-аккаунт бүгінгі таңдағы ең үздік кәсіпқой боксшылардың тізімін жариялады. Өкінішке қарай, «ТОП-10» былғары қолғап шеберлері тізімінде біздің Геннадий Головкин енбей қалды.

Көш басында - Канело

Мықтылар көшін Мексиканың марқасқасы Сауль Альварес бастап тұр. Расында да былтыр күзде Геннадий Головкинді ұпай санымен ұтқаннан кейін орта салмақта жүдырықтасып жүрген Канелоның беделі күрт өсіп, даңқы тіптен жарықтап кетті. Екінші орында – Василий Ломаченко. Қазіргі кезде Украина боксшысының өнеріне тамсанбайтын жанкүйер жоқ. Жапонияның жұлдызы японец Наоя Иноуэ үшінші сатыға табан тіреді.

Сонымен қатар, үздік ондықтың қатарына мына боксшылар еніп отыр: Теренс Кроуфорд (АҚШ), Александр Усик (Украина), Эррол Спенс (АҚШ), Донни Ньетес (Филиппин), Каллум Смит (Ұлыбритания), Тайсон Фьюри (Ұлыбритания) және Джош Тейлор (Ұлыбритания).

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше