Президент • 22 Маусым, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаевты Ұлыбританияның Премьер-Министрі Тереза Мэй құттықтады

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбритания Премьер-министрі Тереза Мэй Тоқаевты Президент ретінде сайлануымен құттықтап, екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Ұлыбританияның Премьер-Министрі Тереза Мэй құттықтады

Ұлыбританияның Премьер-Министрі Тереза Мэйдің Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті лауазымына сайлануымен құттықтаған жеделхаты келіп түсті.

«27 наурыздағы құттықтау хатымда Британ-Қазақстан қатынастарының нығайып келе жатқанын атап өттім. Сол сәттен бастап елдеріміз арасындағы байланыстардың арта түскеніне қуаныштымын», – деп жазған Тереза Мэй.

Біріккен Корольдіктің Министрлер кабинетінің басшысы екіжақты іс-қимылдарды одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

«Сіздің президенттік қызметіңіздің барысында Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы саяси, экономикалық және мәдени салалардағы ынтымақтастықтың жалғаса беретініне, сондай-ақ, елдеріміз арасындағы өзара қарым-қатынастардың одан әрі нығая түсетініне сенімдімін», – делінген жеделхатта.