19 Наурыз, 2010

АССАМБЛЕЯ АТЫНАН

570 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Алматы облысы, Ақсу ауданында орын алған қайғы-қасірет еліміздегі барлық азаматтардың жан-жүрегіне қозғау салды. Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға мате­риалдық көмек көрсету ұйымдастырылып отыр. Еліміздегі барлық республикалық және өңір­лік этномәдени бірлестіктер, облыстық Достық үйлері жылы киімдер, азық-түлік, дәрі-дәрмек, ба­лаларға арналған оқу құралдарын жинап, оқи­ға орын алған ауылға жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Қазақстан халқы Ассамблеясы және Алматы, Астана қалалық, облыстық ассамблея мүшелері зардап шеккен азаматтарға арналған арнайы қорға бір күндік жалақыларын аударды. Аталған қорға Парламент Мәжілісіне Ассамблея атынан сайланған әрбір депутат 100 мың теңгеден қаржы аударды. Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан Алматы облысында орын алған төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету жұмыстары жалғасуда. Қазақстан халқы Ассамблеясы.