Спорт • 02 Шілде, 2019

ММА: Дамир Зубайраны жекпе-жекке шақырды

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері UFC-де күш сынасып жүрген Ресейдің Орынбор өлкесінде туып-өскен өз қандасымыз Дамир Исмағұловтың өнері көпшіліктің көңілінен шығуда.

ММА: Дамир Зубайраны жекпе-жекке шақырды

М-1 нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуді иеленгеннен кейін 2008 жылдың желтоқсан айында ол әлемдегі ең белді ұйым – UFC-ге ауысқан еді. Сол кезден бері екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті. Ал кеше қазақтың ұлы Шешенстанның ең атақты ережесіз жекпе-жек шеберлерінің бірі Зубайра Тухуговпен айқасуға әзір екенін айтып, өз мәлімдемесін әлеуметтік желі арқылы жолдады.

Естеріңізге сала кетейік, 28 жастағы ресейлік спортшы осы күнге дейін 22 бәсеке өткізіп, 18 рет басымдық танытты. Осыдан алты жыл бұрын Тухугов Алматыда өткен турнирде «Найман» деген бүркеншік есіммен танымал Қуат Хамитовты ұпай санымен ұтты.

Сонымен қатар, былтыр күзде АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында Хабиб Нұрмагомедов пен Конор МакГрегор арасындағы жекпе-жек аяқталғаннан кейін қос команда өкілдері арасында төбелес шыққаны естеріңізде болар. Міне, сол кезде октагонның ішінде аты-шулы Ирландия спортшысымен соққы алмасқан дәл осы Зубайра Тухугов еді.       

Соңғы жаңалықтар

Нәзік иықтағы ауыр жүк

Әйел әлемі • Бүгін, 09:35

Арманына жеткен ару

Әйел әлемі • Бүгін, 09:30

Талапкерге қанат бітірген

Әйел әлемі • Бүгін, 09:25

Мейрам қарсаңындағы марапат

Тағзым • Бүгін, 09:20

Ел анасы, ерте оянған санасы...

Әйел әлемі • Бүгін, 09:10

Қазақ әйелдерінің шежіресі

Тарих • Бүгін, 09:05

Шаршы тақтаның шаһбазы

Шахмат • Бүгін, 09:00

Шекісудің де қайыры бар

Спорт • Бүгін, 08:50

Жерлесіміздің 20 жетістігі

Спорт • Бүгін, 08:45

Көпбалалы отбасы қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:40

Нәрестені ширатқан орталық

Аймақтар • Бүгін, 08:35

Көптің аманатын арқалаған

Әйел әлемі • Бүгін, 08:30