Спорт • 02 Шілде, 2019

Жеңіл атлетика: Ғұсман Қосановтың мемориалы өтеді

522 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

6-7 шілде аралығында Алматыдағы Орталық стадионда даңқты желаяқ, 1960 жылғы Рим Олимпиадасының күміс жүлдегері, КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері Ғұсман Қосановты еске түсіруге арналған халықаралық турнир өтеді.

Жеңіл атлетика: Ғұсман Қосановтың мемориалы өтеді

Осымен 28 мәрте ұйымдастырылғалы отырған дәстүрлі жарысы арқылы көптеген сақа спортшылардың тәрбиеленіп шыққаны баршаға мәлім. Солардың қатарында Виталий Савин, Ольга Шишигина, Ольга Рыпакова, Григорий Егоров, Дмитрий Карпов, Игорь Потапович және тағы басқа даңқты жерлестеріміз бар. Биылғы додада 2020 жылғы Токио Олимпиадасының және 2019 жылғы әлем чемпионатының лицензиялары сарапқа салынады. Сол себепті де Алатау бөктеріне бірқатар мемлекеттерден белді жеңіл атлеттер келіп, айтулы жарыстардың жолдамалары үшін таласуды құп көріп отыр. Біздің елдің де ең үздік өрендері Ғұсман Қосановтың мемориалында өнер көрсетеді.

Жеңіл атлеттерге қатысты тағы бір жағымды жаңалығымыз бар. Күні кеше Алматыда аяқталған Қазақстан кубогында үш қарғып секіру жаттығуында бақ сынаған Ольга Рыпакова 14 метр 37 сантиметрлік көрсеткішпен бас жүлдені олжалады. Осы нәтижесінің арқасында ол Олимпиа ойындарының лицензиясына иелік етті. Осылайша, қазақстандық жеңіл атлет өзінің төртінші Олимпиадасына қатысқалы отыр. Осыған дейін Рыпакова 2008 жылы Бейжіңде – күміс, 2012 жылы Лондонда – алтын және 2016 жылы Рио-де-Жанейрода – қола медальді иеленген болатын.

Соңғы жаңалықтар

Нәзік иықтағы ауыр жүк

Әйел әлемі • Бүгін, 09:35

Арманына жеткен ару

Әйел әлемі • Бүгін, 09:30

Талапкерге қанат бітірген

Әйел әлемі • Бүгін, 09:25

Мейрам қарсаңындағы марапат

Тағзым • Бүгін, 09:20

Ел анасы, ерте оянған санасы...

Әйел әлемі • Бүгін, 09:10

Қазақ әйелдерінің шежіресі

Тарих • Бүгін, 09:05

Шаршы тақтаның шаһбазы

Шахмат • Бүгін, 09:00

Шекісудің де қайыры бар

Спорт • Бүгін, 08:50

Жерлесіміздің 20 жетістігі

Спорт • Бүгін, 08:45

Көпбалалы отбасы қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:40

Нәрестені ширатқан орталық

Аймақтар • Бүгін, 08:35

Көптің аманатын арқалаған

Әйел әлемі • Бүгін, 08:30