Аймақтар • 03 Шілде, 2019

Нұр-Сұлтанда алғаш рет «КӨРПЕ FEST» мега-фестивалі өтеді

484 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Асыл ана» әлеуметтік жобасы аясында 4-6 шілде аралығында елімізде тұңғыш рет елорда күніне арналған «КӨРПЕ FEST» мега-фестивалі өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Нұр-Сұлтанда алғаш рет «КӨРПЕ FEST» мега-фестивалі өтеді

Фестиваль аясында көпбалалы аналарға тігін және қолданбалы өнер бойынша тегін оқыту сабақтары өтеді.   

Шеберлік сабақтарды елден тыс жерде танымал ұлттық қолөнер бұйымдарын шығаратын этно-дизайнер, ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Ырза Тұрсынзада өткізетін болады. Қолөнер сабақтары сағат 11-де «Көрме» көрме залында басталады.  Мастер-класс қатысушыларына қолданбалы өнердің негіздері мен құпиялары, өз бизнесін ашу тәсілдері, оны табыс табу үшін әлеуметтік желілерде жүргізу туралы үйретіледі.   

«Шараға көпбалалы аналар қатыса алады. Өз кезегінде қатысушылар еліміздің табысты әйелдерімен бір қатарда нәтижеге жетуге ұмтылу тиіс», - деп атап өтті ұйымдастырушылар. 

Сонымен қатар, 6-10 маусымда өткен «Асыл ана» тренинг-семинарына қатысқан көпбалалы аналар «Көрпе fest» мега-фестивалі байқауына қатысады. 

Байқауға қатысушылар өз жұмыстарын көрмеге ұсынса, фестиваль қонақтары еңбектеріне баға береді. Ал жеңімпаздар дипломдармен, тігін машинкаларымен және басқа да бағалы сыйлықтармен марапатталады. 

«КӨРПЕ FEST» фестиваліне қатысу туралы толық ақпаратты Ырза Тұрсынзаданың инстаграм парақшасынан білуге болады (https://www.instagram.com/yrza_tursynzada/?igshid=153y20ihdmsb3). Байланыс телефондары: +7 775 997 68 66, + 7 775 860 41 41.


Соңғы жаңалықтар

Нәзік иықтағы ауыр жүк

Әйел әлемі • Бүгін, 09:35

Арманына жеткен ару

Әйел әлемі • Бүгін, 09:30

Талапкерге қанат бітірген

Әйел әлемі • Бүгін, 09:25

Мейрам қарсаңындағы марапат

Тағзым • Бүгін, 09:20

Ел анасы, ерте оянған санасы...

Әйел әлемі • Бүгін, 09:10

Қазақ әйелдерінің шежіресі

Тарих • Бүгін, 09:05

Шаршы тақтаның шаһбазы

Шахмат • Бүгін, 09:00

Шекісудің де қайыры бар

Спорт • Бүгін, 08:50

Жерлесіміздің 20 жетістігі

Спорт • Бүгін, 08:45

Көпбалалы отбасы қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:40

Нәрестені ширатқан орталық

Аймақтар • Бүгін, 08:35

Көптің аманатын арқалаған

Әйел әлемі • Бүгін, 08:30