Спорт • 12 Шілде, 2019

Луценко ТОП-15 велошабандоздың қатарында

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Франция тасжолдарында велоспорттан бейресми әлем чемпионаты саналатын «Тур де Франс» көп­күн­дігінің бесінші кезеңі мәресіне жетті. Бұл кезеңде «Астана» вело­коман­дасының шабандозы Алексей Луценко мәре сызығын 15-ші кесіп, командаластарының арасында үздік нәтиже көрсетті.

Луценко ТОП-15 велошабандоздың қатарында

Сент-Дье-де-Вож қаласынан басталған бесінші кезең Кольмар қаласында аяқталды. 175,5 шақырымға созылған қашықтықты бірінші болып Bora-hansgrohe өкілі Петер Саган төрт сағат, екі минутта жүріп өтті. Екінші орынды Вут Ван Аерт (Team Jumbo) иеленсі, үздік үштікті Маттео Трентин (Mitchelton-Scott) қорытындылады.

Бесінші кезеңнен кейін Жулиан Алафилипп әлі де топ бастап келеді. «Астана» велокомандасының сапынан Алексей Луценко жалпы есепте 22-орында тұр. Ол Алафилипптен бір минут, алты секунд қалып қойған. Дәл сондай көрсеткішпен Якоб Фульсанг 25, Луис Леон Санчес 26 және Пельо Бильбао 27-орында келеді.


Соңғы жаңалықтар

Бизнестегі бибілер

Бизнес • Бүгін, 10:20

Сыйлыққа да талғам керек

Таным • Бүгін, 10:15

Кран тізгіндеген Рәзия

Әйел әлемі • Бүгін, 10:10

Бала деп байыз таппаған...

Қоғам • Бүгін, 10:05

«Альфа» да анадан туады

Пікір • Бүгін, 09:50