Қоғам • 19 Наурыз, 2010

Ұйымдастыру комитетінің отырысы

730 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен үстіміздегі жылғы 14-16 мамырда Алматыда өтетін “ЕҚЫҰ-ның еуразия­лық өлшемі” Трансазиялық парламенттік жиы­нын әзірлеу және оны өткізу жөніндегі Ұйымдастыру ко­ми­тетінің отырысы болды. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төраға­лық етуі аясында өтетін бұл шара осы Ұйымның жәрдемімен жүзеге асады деп күтілуде.

Жиынды әзірлеу және оны өткізу жөніндегі шаралар жоспарының орын­далу барысы туралы Ұйым­дас­тыру комитеті жұмыс тобының же­текшісі, Сенат Аппаратының басшысы Мұрат Нұртілеуов баяндады. Жиын бағдарламасында үш: “Өңірлік қауіпсіздік (Ауғанстан, терроризм және есірткі тасыма­лымен күрес, қарусыздану)”, “Еуразия: жаңа рыноктар және қа­терлердің арта түсуі (экономи­калық даму, сауда, ресурстарды басқару, еңбек көші-қоны, қор­шаған ортаны қорғау саласын­дағы мәселелер)” және “ЕҚЫҰ-ның адами өлшемдері (діни то­леранттылық, саяси даму, адам­дар саудасымен күрес, гендерлік теңдік)” сессияларын өткізу қа­растырылған.

Трансазиялық парламенттік жиынға әлемдік қоғамдастықтағы елдердің ұлттық парламенттері мен халықаралық ұйымдардан 350-ге жуық делегат келеді деп күтіліп отыр. Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі аясындағы Трансазиялық пар­ла­менттік жиынның Қазақстанда өтуінің саяси зор маңызына оты­рысқа қатысушылар назарын аударды. “Бұл жиын парла­мент­аралық үнқатысу мен ынтымақ­тастықты одан әрі кеңейтуге, ЕҚЫҰ-ның басты міндеттерін ше­шуде парламентшілердің іс-қи­мылын белсенділендіру мен рөлін арттыруға бағытталады”, – деді Қ.Тоқаев, деп хабарлады Парла­мент Сенатының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

Жолашар тың бағыттар

Пікір • Бүгін, 09:55

Екібастұздағы алып мұржа

Аймақтар • Бүгін, 09:50

Суперкомпьютердің мүмкіндігі мол

Технология • Бүгін, 09:35

Қателіктің алдын алады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30