Әлем • Бүгін, 09:23

Соғыста да адамзаттық қағидаттар сақталуы шарт

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілділікті күшейту жөніндегі жаһандық бастаманың алты негізін қалаушы мемлекет 2026 жылдың төртінші тоқсанында Иордания Хашимит Корольдігінде соғыс кезінде адамзаттық құндылықтарды сақтауға арналған жоғары деңгейлі конференция өтетінін
жария­лады.

Соғыста да адамзаттық қағидаттар сақталуы шарт

Сурет: enbekshiqazaq.kz

Ұлы Мәртебелі Иордания Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейн және Бразилия, Иордания, Қазақстан, Қытай, Франция және Оңтүстік Африка Республикасы басшылары Халықаралық Қызыл Крест комитетімен әріптестікте барлық мемлекеттердің басшыларын осы шешуші кезеңде бірлесіп әрекет етуге шақырады. Ол соғыс жүргізу ережелерінің қақтығыс кезіндегі ортақ адамгершілігімізді сақтауда іргелі маңызға ие және бұл ережелердің әмбебап, әділ әрі дәйекті түрде сақталуға тиіс екенін бірауыздан растап, бірлік танытуымыз қажеттігін атап өтті.

Соғыстағы қатыгездікті, ақылға қонымсыз адамзаттық азап-қайғыны және залалды тоқ­та­туға деген терең жауапкершілік пен шұ­ғыл қа­жеттілікті сезіне отырып, Бразилия, Иор­дания, Қазақстан, Қытай, Франция, Оңтүс­тік Африка Республикасы Халықаралық Қызыл Крест комитетімен бірлесіп, 2024 жыл­ғы қыркүйекте халықаралық гуманитарлық құқық жөніндегі жаһандық бастаманы іске қосты.

Бүгінге дейін әлемнің барлық өңірінен 99 мемлекет халықаралық гумани­тар­лық құқық жөніндегі жаһандық баста­ма­ға ресми түрде қосылды. 27 мемлекет халық­аралық гуманитарлық құқықты құр­мет­теуді нығайтуға, соғыс жүргізудің қазір­гі заманғы өзгерістері туындатқан сын-қатер­лерді шешуге бағытталған практикалық ұсынымдар әзірлеу үшін жеті тақырыптық жұмыс бағытын бірлесіп үйлестіріп отыр. Бастамашы топ барлық мемлекетті осы күш-жігерге қосылып, соғыс уақытында зұлымдықтың алдын алып, адамзаттық құн­ды­лықтарды қорғау бойынша ортақ жауап­кершілігіміз төңірегінде бірігуге шақырады.

Соңғы жаңалықтар