Руханият • 16 Қыркүйек, 2019

Ағайынды Аңқауовтардың ерекше техникамен өңделген туындылары көрмеге қойылды

230 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елордада Ұлттық музейде «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі және Қазақ ұлттық өнер университетінің ұйымдастыруымен «География – мәдени даму бағыты» атты көрме өтіп жатыр. 

Ағайынды Аңқауовтардың ерекше техникамен өңделген туындылары көрмеге қойылды

Шараның мақсаты – қолөнер шеберлері, осы саладағы жастар шығармашылығына қолдау білдіре отырып, қолданбалы өнер туындыларын таныту және насихаттау. Сонымен қатар, қолданбалы өнер бойынша жаңа технологиялық ізденістер қолдануда жаңа бағытты таныстыру.

Қолданбалы өнер – халықтың мәдени өмірін көрсететін сала. Бұл өнер түрі өткеніміз бен бүгінімізді ортақ бір арнада тоғыстырады. Қолөнер туындыларының арасында киіз өнімдерін ерекше атаған жөн. Себебі ерте дәуірден халық мәдениетіне енген бұл өнімдер бүкіл елдің тарихын, рухани өмірін насихаттайды.

Ағайынды Аңқауовтар – Қостанай өңірінің азаматтары. Өздерінің зор ізденістері, еңбектері, зор таланттың нәтижесінде қолданбалы өнердің жауһар туындыларын дүниеге әкелген. Өз шығармаларында қой жүнінің ерекше техникамен өңделген түрін кеңінен қолданады. Олар қолданған жаңа технологиялық бағыт – киізді кескіндеме жағынан көрсету. Сонымен қатар аталған көрмеге еліміздің түрлі аймақтарындағы шеберлердің  киіз бен гобеленнен жасаған еңбектері, «Arlan Design» сурет галереясының туындылары, Қазақ Ұлттық өнер университетінің педагогтары мен студенттерінің шығармалары ұсынылып отыр.

Көрменің ашылу салтанатында сөз алған ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Қазіргі күні еліміздің сән-салтанаты жарасқан осындай уақытта өңірлердегі әр жас талантқа қамқоршы болып жатқан «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен бүгін Ұлттық музейде ерекше көрме ашылып отыр. Жас таланттарды қолдап, олардың келешегіне жол ашу үшін аталған ұйым ауқымды жұмыстар атқарып жүргенін атап айтқан жөн. Көрмені ұйымдастырушыларға, Қазақ Ұлттық өнер университетіне алғыс білдіремін», - деді.

1

«QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан мен өзге мемлекеттердегі география және қоғам, табиғат, мәдениет ғылымдарын өзара үйлестіріп, түрлі жаңалықтарды дамыту бойынша жетекші ұйым болуды көздейді. Бұл қоғамдық бірлестік қазіргі уақытта аталған салалар бойынша өз еліміз бен шет мемлекеттер туралы сапалы білім беру негізінде түрлі жобаларды жүзеге асыруда.

Қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков: «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген халықта мақал бар. Жас таланттарға мән беріп, көңіл аударып, олардың Ұлттық музейде көрмесін өткізіп жатқан азаматтарға алғыс айтамын. Ағайынды балалардың еңбектері қойылыпты көрмеге. Барын халқымен, осы жердегі жақындарымен бөлісіп, өз туған жеріне қызмет етсе, одан артық бақыт жоқ деп ойлаймын.  Көрмеге көз жүгіртіп, аралап шықтым. Керемет еңбек екен. Еш қиындыққа мойымай, қызмет етіп жүрген төрт ағайындыға да шын жүректен алғысымды айтамын. Көрме құтты болсын!», - деп жылы лебізін білдірді.

Бұған дейін хабарлағандай көрме 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

        

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025