
Қазақстандық жанкүйерлер жүлде алады деп сенген Илья Ильин өкінішке қарай әлем біріншілігін 13-ші орынмен аяқтады. Жұлқа көтеру бәсекесінде Илья алғашқы мүмкіндігінде 165 килоны көтерсе, екінші мүмкіндігінде 168 килоны еңсерді. Ал соңғы мүмкіндігінде 171 кило зілтемірді бағындыра алмады.
Серпе көтеру бағдарламасында Ильин бірінші 195 кило салмақты көтергенімен, қалған екі мүмкіндігінде 200 кило зілтемірді еңсере алмады. Осылайша 96 килода сынға түскен ол қоссайыс қорытындысы бойынша 363 (168+195) килоны бағындырып, әлем чемпионатын 13-ші орынмен аяқтады. Биылғы Азия біріншілігінде Ильин 5-ші орын алған еді.