Үкімет • 14 Қазан, 2019

Асқар Мамин Сингапурдың Аға Министрі Тео Чи Хинмен кездесті

284 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Асқар Мамин Қазақстанда жұмыс сапарымен жүрген Сингапур Республикасының Аға Министрі және Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіруші министрі Тео Чи Хинмен кездесу өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.  

Асқар Мамин Сингапурдың Аға Министрі Тео Чи Хинмен кездесті

Тараптар инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін, оның ішінде биылғы 1 қазанда Ереван қаласында Еуразиялық экономикалық одақ пен Сингапур арасында қол қойылған еркін сауда туралы келісім ратификацияланғаннан кейінгі ЕАЭО – Сингапур форматындағы екі елдің өзара іс-қимылының перспективаларын талқылады.

«Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Сингапурмен ынтымақтастыққа үнемі зор көңіл бөлді және Премьер-Министр Ли Куан Юмен жеке дос болды, осының арқасында екі елдің арасындағы қарым-қатынастар ойдағыдай дамып жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та сыртқы саясаттағы сабақтастықты ұстана отырып, Сингапурмен ынтымақтастықты тиімді дамытуға көп көңіл бөліп келеді», деді А. Мамин.

Қазақстан Сингапурдың Орталық Азиядағы аса ірі сауда-экономикалық серіктесі, екіжақты сауда айналымы 2018 жылдың қорытындысы бойынша $520 млн-нан асты. Биылғы маусым айындағы жағдай бойынша Сингапурдан Қазақстан экономикасына түскен тікелей шетелдік инвестициялар көлемі үш есеге жуық – $28,5 млн-нан $80,7 млн-ға дейін артты.

Үкімет басшысы сингапурлық тарапты «Астана» халықаралық қаржы орталығына өзінің қатысуын белсенді арттыруға, екі елдің іскерлік орталарының арасында тығыз байланыстар орнатуға, Қазақстанның көлік және тұрғын үй инфрақұрылымын жаңғырту бойынша инвестициялық жобаларға қатысуға шақырды. 

Премьер-Министр тікелей шетелдік инвестициялар мен сауда көлемінің өсуін қамтамасыз ету Қазақстан Үкіметі жұмысының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Үкімет басшысы Сингапур өкілдерін алдағы уақытта, 2020 жылы маусым айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымының XII Министрлер конференциясына қатысуға шақырды. 

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025