Инфрақұрылым • 11 Қаңтар, 2026

Маңғыстауда Бозжыраға апаратын автожолдың құрылысы басталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысында Бозжыра шатқалының шолу алаңына апаратын автомобиль жолының құрылысы басталды. Бұл туралы Қарақия ауданы әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстауда Бозжыраға апаратын автожолдың құрылысы басталды

Фото: ашық дереккөз

Жобалық құжаттамаға сәйкес, тапсырыс беруші – Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. Бастапқыда жобаның құны 2,878 млрд теңге деп белгіленген. Конкурс қорытындысы бойынша мердігер ретінде «Ақ жол» құрылыс ЖШС анықталып, компания жұмысты 2,513 млрд теңгеге орындауды ұсынған. Қосылған құн салығын ескергенде келісімшарттың жалпы сомасы шамамен 3,159 млрд теңгені құрайды.

Жоба аясында өңірдегі ең танымал туристік нысандардың бірі саналатын Бозжыраға ұзындығы 13,2 шақырым болатын автожол салынады. Құрылыс туристер үшін қауіпсіз әрі қолайлы қатынасты қамтамасыз етуге бағытталған.

«Washington Post» Маңғыстау туралы мақала жариялады.

Сонымен қатар жол салу жұмыстарымен қатар Бозжыра аумағында екі визит-орталықтың құрылысы басталған. Қазіргі таңда жол бойында орналасқан визит-орталықтың біреуінің құрылысы аяқталған. Оны келесі туристік маусымда пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, Шерқала тауының маңында глэмпинг аймағын салу жұмыстары басталғаны хабарланды.

Маңғыстауда қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдайтын полигондар жетіспейді

Жергілікті билік өкілдерінің пікірінше, аталған жобалар Маңғыстау өңірінде заманауи туристік инфрақұрылым қалыптастырып, ішкі және шетелдік туристер үшін аймақтың тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Бұған дейін Ақтөбе – Маңғыстау бағытындағы пойыздың вагондары жаңарғаны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар