Футбол • 07 Қаңтар, 2020

Спорт директоры тағайындалды

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан ел чемпионатының алты дүр­кін чемпиондары, елорданың «Ас­тана» футбол клубы кеше коман­даның жаңа спорт директорын таныстырды.

Спорт директоры тағайындалды

Клуб баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Аста­на­ның» спорт директоры болып бұған дейін Қазақстан Фут­бол федера­циясында ұзақ жылдар бойы құрама ко­мандалар департаментін басқарған Ғани Қайназаров тағайындалған. «Ғани Әділ­ханұлының футболдағы тәжірибесі өте мол. Ол карьерасында Жамбылдың «Хи­мик», «Тараз», Алматының «Қайрат» және Қазақ­стан құ­ра­масының намысын қорғаған. Футболшы ретіндегі мансабын аяқта­ғаннан кейін «Тараз» фут­бол клубында басшы­лық қызмет атқарған. Ал осыған дейін спорт директоры қызметін атқарған Нұр­кен Маз­баев клуб құ­рылымында жұмысын жал­ғастыратын болады», делінген хабарламада.

 

Соңғы жаңалықтар

Бір ағашта қырық жеміс өседі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Аурухана іргетасы қаланды

Аймақтар • Бүгін, 08:25

Ақжайықта 238,2 мың көшет егіледі

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 08:23

Ауыртпайтын амал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20