Спорт • 27 Ақпан, 2020

Фристайл-могул: Анастасия Городко Еуропа кубогінің чемпионы болды

1 мин
оқу үшін

Фристайл-могулдан Қазақстан жасөспірімдер командасының мүшесі Анастасия Городко Еуропа кубогінде топ жарды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлады.

Фристайл-могул: Анастасия Городко Еуропа кубогінің чемпионы болды

Еуропа кубогі кезеңдерінде бірнеше рет топ жарған Анастасия турнирдің жалпы есебінде бірінші орыннан көрінді. Қазақстандық спортшы 1450 ұпай жинап, қарсыластарынан қара үзіп кетті.

Екінші орында 750 ұпай жинаған Нидерланды өкілі Жанеке Бергхуис, үшінші орында франциялық Фантин Дергрурт (644).

Айта кетелік, биылғы маусымда Анастасия Городко 15 рет жеңіс тұғырына көтеріліп, оның 11-де алтын жүлде тағынды.

Соңғы жаңалықтар

Бұрхансайдың таңбалы тастары

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Кімдерге рақымшылық жасалады?

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:20

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 08:13

Alatau City және инвестициялық жоспар

Инвестиция • Бүгін, 07:40