
Сайтымызды үнемі бақылап жүретін қырағы көзді оқырмандарымыз хабардар болар, домбыра тартудың ми жұмысын жетілдіретінін жазып, порталымызда домбыра курсының видео-сабақтарын жүктегенбіз. Бұл сабақтар арқылы бір курсты аяқтап, оңай күйлер мен әндерді тартып үйренуге дейінгі деңгейге қол жеткізуге болады.
Айта кетейік, домбыра үйрену сабағын кәсіби маман жүргізеді. Ол – Күйшілер одағының мүшесі, Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі, күйлері «Шалқар» радиосының Алтын қорына енген дарынды автор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері әрі профессор Ж.Жүзбайдың шәкірті - Еңглік Қайратқызы.
Видео-сабақтардың сілтемелерін төмендегі тізбеден таба аласыздар: