Коронавирус • 26 Наурыз, 2020

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 97-ге жетті

2492 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 9 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 97-ге жетті

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 55 адам, Алматы қаласында – 34 адам, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, жалпы 97 науқас тіркелді.

Айта кетейік, кеше, 25 наурыз күні елімізде алғашқы екі науқас айықты. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бүгін олардың ауруханадан шығатынын жеткізген болатын.

 
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 6 мың жұмыс орны құрылды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Республика күні Әл-Фараби көзімен

Республика күні • Кеше