
Біздің көнбіс балықшылар басқаға жомарт болса да, өздерін құтқаратын жилеттер алуға асықпайды. Ал Скандинавияның бірде-бір балықшысы мұндайсыз мұз бетіне шықпайды екен. Егер мұз жарылып, балықшы суға батып бара жатса, құтқарушы жилеттің қармақтары мұзға жабысып, иесін тұңғиыққа кетуден сақтап қалады екен. Бұл уақытта иесі көмек шақырып үлгереді немесе тырмысып, өзі де мұз үстіне шыға алатын көрінеді.
Мұздың жұқалығын және сол себепті қауіптілігін, сонымен қоса коронавирустан да қорғану амалдарын құтқарушылар балықшылардың құлағына жеткізуде. Осындай профилактикалық шараға облыстың жүзден артық құтқарушысы қатысып, олар үш мыңнан артық балықшыға ескертті.
«Біздің ең бірінші мақсатымыз - адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жасалып жатқан рейдтердің негізгі мақсаты сол» дейді департамент директорының орынбасары, майор Игорь Жуков.
Солтүстік Қазақстан облысы