Аймақтар • 27 Наурыз, 2020

Қостанай облысында жалған ақпарат таратқан ер адам жазаға тартылды

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Меңдіқара ауданына қарасты Қасқат елді мекенінде тұратын 28 жастағы ер адам ватсап мессенджері арқылы 29 наурыздан бастап Қостанай,  Лисаков, Рудный, Тобыл қалалары карантинге жабылып, облыстың барлық күре жолдарындағы көлік қозғалысына тыйым салынады деген жел сөз таратқан. Қазіргі аһуал мұндай құйтырқылықты көтермейді. Онсыз да көңілін алаң басқан ел жақсы лепеске сусап отыр. Полиция ашық ауыздың кім екенін анықтап, төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК-нің 274 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.  Енді бұл азамат 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қостанай облысында жалған ақпарат таратқан ер адам жазаға тартылды

Жергілікті полиция қызметінің бастығы Құрмет Мәжікенов төтенше жағдай режімі жарияланғалы, жалған ақпарат таратқаны үшін осымен төртінші адам қылмыстық жауапқа тартылып отырғанын атап өтті. Оның ацйтуынша, облыста көлік қозғалысына ешқандай шектеу қойылмаған.  Тек Қостанай-Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы күре жолдың бойына патруль қызметі қойылып, тәртіп сақшылары жолаушыларға жұқпалы індетке қарсы ел ішінде жүргізіліп жатқан іс-шаралардың мән-жайын түсіндіріп, аталған екі қалаға кіруге және шығуға тыйым салынғанын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Полиция облыс тұрғындарын әлеуметтік желілер арқылы толассыз тарап жатқан жел сөзге иланып, бекерге дүрлігуден сақтануға үндеді. Сондай-ақ, ресми ақпаратқа ғана сену керектігін ескертті.  

 

Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15