02 Сәуір, 2010

ҮЛКЕН ҚАМҚОРЛЫҚ

638 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Президент поштасынан Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың атына Қызылорда облысы, Сырдария ауданының тұрғыны Бекзада Әлжанованың атынан хат келіп түсті. Күміс алқа иегері Б. Әлжанова Президенттің биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған балаларды мектеп жасына дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтамасыз етуді жолға қоятын “Балапан” бағдарламасына зор ризашылық білдірген. Хатында “Сіздің тапсырмаңызға орай Сырдария ауданындағы тереңөзектік ата-аналар зор қуанышқа бөленді. Себебі, Тереңөзек кентінде 50 орындық екі топқа арналған “Нұрбөбек” балалар бақшасы пайдалануға берілді. Мен де өзімнің немерелерімді осы балабақшаға қабылдағанына қуаныштымын және Сізге шексіз алғысымды білдіремін. “Нұрбөбек” балабақшасы соңғы үлгідегі жобамен салынған, әсем безендірілген, ұядай жылы. Балалардың жайлы балабақшада тәрбиеленуіне, ата-аналардың алаңсыз еңбек етуіне осындай жағдай жасалуы үлкен қамқорлық деп бағалаймын”, деп жазады Б. Әлжанова. Автор хатын түйіндей келе, әр отбасына қамқорлық жасап, балалардың болашағына ерекше мән беріп отырған ел Президентіне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейді.