02 Сәуір, 2010

ЕЛБАСЫ ҚАБЫЛДАДЫ

493 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республика­сы Парламенті Мәжілісінің Төр­ағасы Орал Мұхамеджановты қабылдады, деп хабарлады Қа­зақстан Республикасы Президенті­нің баспасөз қызметі. О.Мұхамеджанов Президентті Қазақстан Респуб­ли­касы Парла­менті­нің төртінші сессиясының ашы­луын­да Елбасының сөйлеген сөзінде және “Жаңа он­жылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақ­стан­ның жаңа мүмкіндік­тері” атты Қазақстан халқына Жол­­дау­ында белгіленген міндет­терді орын­дау жөнін­дегі палата депутаттары­ның, “Нұр Отан” ХДП фрак­ция­сы­ның жұмысы туралы хабардар етті. Әңгімелесу барысында сондай-ақ, еліміздің жедел ин­дус­триялық-инновациялық даму бағдарлама­сы­ның құ­қық­тық базасын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жө­ніндегі парламентшілердің қызметі туралы әңгіме болды. – Президент депутаттық кор­пустың жұмысын жоғары бағалады және бірқатар маңызды заң жо­баларын жедел және сапалы әзір­леуді қамтамасыз ету жөнінде бір­қатар нақты міндеттер қойды, ­– деді Мәжіліс Төрағасы журналис­терге арналған брифингте. *  *  * Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әділет министрі Рашид Түсіпбековті қабылдады, деп ха­барлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Министр Президентті ведом­ствоның ағымдағы қызметі, “Жаңа онжылдық – жаңа эконо­микалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүм­кіндіктері” атты Прези­денттің Қа­зақстан халқына Жол­дауында алға қойылған міндет­терді, сондай-ақ Қазақстан Рес­пуб­ликасының 2020 жылға дейінгі дамуының Страте­гия­лық жос­парын орындау туралы хабардар етті. Атап айтқанда, заң­на­малық қыз­метті жетілдіру жө­нін­де қа­былданған шаралар, тұрғын­дарға мемлекеттік қызмет көрсету са­пасын арттыру, еліміздің қыл­мыс­тық-атқару жүйесіндегі істердің жағдайы туралы баяндады.