02 Сәуір, 2010

СӘБЕҢ БҮГІН ДЕ АРАМЫЗДА

613 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Биыл қазақ әдебиетінің клас­си­гі, академик-жазушы Сәбит Мұ­қановтың туғанына 110 жыл толмақ. Осыған орай  Алма­ты­да­ғы Абай атындағы Қазақ ұлт­тық педагогикалық универ­си­тетінде “Аса көрнекті жазушы, ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың шығар­ма­шы­лығы және қазақ әдебиетін оқыту мен зерттеудің мәселелері” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Конференцияның пленарлық мәжілісінде Сәбит Мұқановтың  өмірі мен шығармашылығы хақында, кешегі кеңестік кезең мен бүгінгі тәуелсіздік дәуіріндегі оның шығармаларына деген көзқарастар жөнінде, халық жүрегінен берік орын алған туындыларының көркемдік қырлары туралы, ұрпақ игілігіне айналатын рухани қазынаның маңызы мен мәні, жазушылық шеберліктің құпиялары  жайында белгілі әдебиет зерттеу­шілері Серік  Қирабаев, Тұрсынбек Кәкішев, Темірхан Тебегенов, Төкен Жұмажанов, Серік Мақ­пыр­ұлы,  тарихшы Мәмбет Қойгелді, түркиялық ғалым Шабан Айдоғды, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей кешенінің директоры Әділ­ғазы Қайырбеков және тағы басқалар ғылыми ой-тұжы­рым­дарын ортаға салып, пікір бөлісті. “С.Мұқановтың көркемдік әлемі”, “Академик С.Мұқанов – көрнекті сыншы, әдебиет зерттеушісі”, “Сәбит Мұқанов шығарма­шылығын, кеңес және қазіргі дәуір шығармаларын орта және жоғары мектептерде оқыту мәселелері” деген тақырыптар бойынша сек­циялық мәжілістерде елуге жуық баяндамалар қамтылған. Кон­ференция материалдары алдағы уақытта жеке жинақ болып жарық көрмек. Рашида ОТАРОВА.