
Бас дәрігер осы уақытқа дейін облыс аумағында 15 ошақ, 28 науқас тіркелгенін атап өтті. Талапқа сай ошақтарға дер кезінде санитарлық-дезинфекциялық жұмыстар жасалып, басқа да қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қызылорда қаласы мен Жаңақорған ауданында карантин жарияланып, басқа аудандарда да бірқатар шектеулер енгізілді.