
Барлығы коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған. Олардан зертханалық сынамалар алынып, ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы анықталды.
Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Науқастардың жағдайы қазір қанағаттанарлық,бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
11.04.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 59 адам анықталды.
