Фото: Ашық дереккөз
Компанияның мәліметінше, Каспий жағалауындағы Ақтау порты арқылы Баку – Тбилиси – Жейхан мұнай құбыры бағытына 346 мың тонна мұнай жөнелтілген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26 мың тоннаға көп.
Түрік компаниялары елдегі мұнай-газ қорларын барлауға көмектеспек
Ал Германияға бағытталған жеткізілімдер және Баку – Тбилиси – Жейхан мұнай құбыры бағыты Қазақстанға баламалы экспорт жолдарын дамытуға мүмкіндік беріп отыр. Бұл Ресей порттарын айналып өтетін бағыттардың стратегиялық маңызын арттыра түседі.
Сонымен бірге «Атасу – Алашанькоу» бағыты арқылы Қытайға 2,85 миллион тонна мұнай тасымалданған, оның 345 мың тоннасы отандық өндірушілерге тиесілі.
Оңтүстік Корея Қазақстаннан 18 миллион баррель мұнай сатып алады
Еске салайық, қазақстандық мұнай Brent және WTI маркаларымен салыстырғанда үстеме бағамен сатылып жатыр. 16 сәуірдегі жағдай бойынша CPC Blend мұнайының бағасы 112,39 долларды құрады.
Нұрболат АМАНБЕК