
«Соңғы екі аптада Қазақстанда жаңа жұқтыру жағдайларының өсімі 7% - дан аспады. Наурыз айында вирус жұқтырғандармен байланыста болғандардан және шетелден келгендерден індет анықталған болатын. Ал сәуірде тіркелген 52% жағдай немесе 1862 оқиға профилактикалық тестілеумен байланысты болды», - деді А.Есмағамбетова.
Соңғы мәліметке сәйкес, Қазақстанда 3 988 COVID-19 оқиғасы расталды, оның ішінде 27 адам қайтыс болды. 1 107 адам сауығып, ауруханадан шығарылды.