Ата заң • Бүгін, 16:08

Конституция жобасы партиялық пікірталас тақырыбына айналды

30 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

ҚХП Орталық кеңсесінде жаңа Конституция жобасына арналған ашық пікірталас өтті. Іс-шара партия мектебінің көпшілік алдында пікір айту мәдениетін қалыптастыруға бағытталған алаңында ұйымдастырылып, оған партия белсенділері қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Конституция жобасы партиялық пікірталас тақырыбына айналды

Пікірталас форматы қатысушылардың нақты фактіге сүйеніп сөйлеу, дәлелмен жұмыс істеу, ойды жүйелі жеткізу, риторика мен уақыт регламентін сақтау машығын жетілдіруге құрылған. Жас ерекшелігіне, мамандығы мен қызмет саласына шектеу қойылмайды. Бұл алаңда түрлі әлеуметтік топ өкілдері бір тақырыпты әр қырынан талқылауға мүмкіндік алады.

Әлеуметтік зерттеу: Қазақстан халқының 85%-ы жаңа Конституция жобасын қолдады

Жоба бүгінде еліміздің барлық өңірінде ҚХП филиалдарының базасында жүзеге асырылып келеді. Орталық кеңседе өткен бұл кездесу соған ұқсас пікірталастар сериясының бір бөлігі.

«Өкінішке қарай, кейде белгілі бір саланың бейінді мамандары тиісті білім мен тәжірибеге ие бола тұра, өз бастамасын нақты тұжырымдап, ұстанымын дәлелді түрде қорғай алмай жатады. Ал шын мәнінде олар адамдардың, партияның, саланың, бизнестің мүддесін қорғауы тиіс. Полемикалық шеберлікті шыңдау үшін осындай алаң құрдық», деді іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі, Мәжіліс депутаты, ҚХП «JAS ORTA» жастар қанатының басшысы Ислам Сұңқар.  

Қазақстанның Азаматтық альянсы конституциялық реформаны қолдады

Пікірсайыс шартына сәйкес, спикерлер алдын ала дайындалмайды. Сөз сөйлеу тақырыбы мен қорғауға тиіс ұстанымын олар пікірталас басталған сәтте ғана біледі. Қазылар алқасы қатысушылардың ойды жеткізу логикасына, дәлелінің дәйектілігіне және аудиторияны иландыра алу қабілетіне баға береді.

Бұл жолы пікірталас жаңа Конституциясы жобасы аясында өтті. Қатысушылар «Конституцияның преамбуласы – болашақтың компасы» және «Адамға бағдарланған мемлекет» тақырыптарын талқылады. Пікірталасқа қатысқан ҚХП белсендісі, жобалау компаниясының басшысы Найля Аппасова бір палаталы Парламент құру бастамасына қолдау білдірді.

пікір

«Саяси жүйе реформаланып, трансформация жүріп жатыр. Бұл бір палаталы Парламентке кәсіби әрі тәжірибелі мамандарды шоғырландырып, оларға шешім қабылдаудың нақты жауапкершілігін жүктеуге мүмкіндік береді», деді ол. 

Ал саясаттанушы, «Еуразиялық мониторинг» аналитикалық зерттеу орталығының директоры Әлібек Тәжібаев «Күшті тұлғалардың орнына күшті институттар» тақырыбында баяндама жасап, қазіргі Конституциялық реформаның негізгі мақсаты басқару жүйесін нығайту екенін атап өтті.

Астанада жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған кездесу өтті

«Бұл үшін жаңа Конституцияда барлық құқықтық және институционалдық жағдай қарастырылған», деді сарапшы.

Қазақстан Халық партиясы мұндай пікірталас алаңдарын алдағы уақытта да жалғастыруды жоспарлап отыр. Мұндағы мақсат – саяси құжаттарды қоғамға түсіндіру ғана емес, азаматтардың пікір айту мәдениетін күшейту.

Соңғы жаңалықтар