
Маңызды жиын 2020 жылғы 4 маусымда сағат 11:00-ге бекітілген.
Ведомствоның баспасөз қызметі жолдаған жабарламада:
«Министрге сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды ведомстваның ресми интернет-ресурсындағы арнайы «сұрақ-жауап» бөлімі арқылы жіберуге болады. Кері байланыс орнату үшін байланыс деректеріңізді көрсетуді сұраймыз.
Есеп беру кездесуі министрліктің Facebook және Instagram-дағы ресми парақшаларында, мамандандырылған интернет-порталдарда және БАҚ-та онлайн форматта жүргізіледі.
Сондай-ақ халықпен кері байланыс орнату үшін 1450 қысқа нөмірлі call-орталығы, әлеуметтік желілердегі Министрліктің ресми парақшалары, Telegram-арнасы мен мессенджерлердегі арнайы чаттар жұмыс істейді», делінген.