
«Алдағы уақытта құрылатын кеңес құрамына елімізге танымал ғалымдар мен сарапшылар кіреді. Өздеріңіз білетіндей, бізде биологиялық қауіпсіздікке қатысты жалпы 13 мекеме бар. Әлбетте ең алдымен осы мекемелердің өкілдері тартылады. Бұдан бөлек аталған мәселеге жауапты Білім және ғылым министрлігі, Денсаулық министрлігі секілді тиісті мемлекеттік ведомствоның мамандары да кеңеске мүше болады. Қазір Кеңес мүшелерінің нақты тізімі әзірленіп жатыр. Жақында шешім қабылданады», деді министр.