
Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою басқармасы (AFAD) сайтының деректеріне сәйкес, жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 06.21-де тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 12 км тереңдікте орналасқан. Әзірге зардап шеккендер мен апат салдары жайында ақпарат жоқ.