Қоғам • Бүгін, 09:15

ҚазТАГ-тың бас редакторы ұсталды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов ұсталды. Бұл мәліметті Алматы қалалық полиция департаменті растады, деп жазады Egemen.kz,

ҚазТАГ-тың бас редакторы ұсталды

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, қылмыстық іс жеке компания өкілінің жазбаша арызы бойынша тіркелген. Арызда бірнеше мәрте көрінеу жалған ақпарат таратылып, соның салдарынан компанияның іскерлік мүддесі мен беделіне елеулі зиян келгені айтылған.

Қазіргі таңда іс бойынша өзге деректер жарияланған жоқ. Тергеу амалдары заң талаптарына сәйкес жүргізіліп жатқанын полиция өкілдері мәлімдеді.

Бұның алдында Қасеновтің әріптесі Orda.kz сайтының бас редакторы Гүлнар Бажкенованы үй қамаққа жапқаны туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар