Спорт • 27 Мамыр, 2020

Шахмат: Карлсен мен Накамура жартылай финалға шықты

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері шахматтан өтіп жатқан Lindores Abbey Rapid Challenge онлайн-турнирінің жартылай финалына шыққан ойыншылар анықталуда.

Шахмат: Карлсен мен Накамура жартылай финалға шықты

Үш тәулікке созылған ширек финалдық сайыстардың нәтижесі бойынша әлем чемпионы, норвегиялық Магнус Карлсен америкалық Уэсли Соға сан соқтырды. Есеп – 2,5:0,5. Енді ол АҚШ-тың тағы бір өкілі Хикара Накамурамен кездеседі. Ал Накамура өз кезегінде армениялық Левон Арояннан айласын асырған еді – 3:1.

 Ал Ресейдің қос мықтысы – Сергей Карякин мен Даниил Дубов және Қытайдың қос қыраны – Дин Лижэнь мен Юй Янъи арасындағы бәсекелерде әзірге тең есеп сақталуда. Осы шахматышлар арасынан кімнің асығы алшысынан түсетіні бүгін белгілі болады

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше