Аймақтар • 27 Мамыр, 2020

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған онлайн-дәріс өтті

582 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында бүгіннен бастап үш күн бойы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған онлайн-дәрістер өте бастады. 

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған онлайн-дәріс өтті

Алғашқы дәрісті А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті философия және Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Серікжан Ысмайылов оқыды.

Ғалым саяси-қуғын сүргіннің себеп-салдарларына тоқталды. Сондай-ақ, архивтерден алынған тың деректерге сүйене отырып, қуғын-сүргінге ұшыраған қостанайлықтардың тарихы туралы әсерлі әңгіме өрбітті. Шараға  облыстың ішкі саясат бөлімдерінің мамандары, үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық қоғам өкілдері, мәдениет және білім саласының қызметкерлері, облыс тұрғындары қатысты.

28 мамыр күні облыстық тарихи-өлкетану мұражайында педагогика ғылымдарының докторы Римма Бектұрғанова «Халық жауларының репрессияға ұшыраған әйелдері: Ахмет Байтұрсыновтың әйелі - Бадрисафа» тақырыбында дәріс оқиды. Онлайн-дәріс мамаырдың 29-на дейін жалғасады.

 

Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20