Қоғам • Бүгін, 09:43

Елімізде табиғи газ тұтынушылар саны 13 миллионға жетті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда халықты табиғи газбен қамтамасыз ету деңгейін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда елде шамамен 13 миллион адам табиғи газға қол жеткізген, деп хабарлайды «Egemen.kz».Egemen.kz.

Елімізде табиғи газ тұтынушылар саны 13 миллионға жетті

Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың қорытындысы бойынша газдандыру деңгейін 64,3 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Осыған байланысты елімізде газдандыру бағытында 40 жоба іске асырылған. Аталған жобалардың нәтижесінде 10 елді мекендегі 32 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізеді. Жобалар Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарын, сондай-ақ Ұлытау және Жетісу облыстарын қамтиды.

Созақ ауданы табиғи газ желісіне қосылды

Сонымен қатар ел аумағында «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісінің бірінші кезеңінің құрылысы жалғасып жатыр. Бұл бағытта жыл соңына дейін жылдық өткізу қуаты 10 миллиард текше метрді құрайтын газ құбырының желілік бөлігін аяқтау жоспарланған.

Түркістан облысында шалғайдағы ауылдар табиғи газға қосылды

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар

Кітап апталығы басталды

Руханият • Бүгін, 09:25

500 команда білім жарыстырды

Қоғам • Бүгін, 09:22

Бостандық жолы бұралаң...

Әдебиет • Бүгін, 09:20

Он мың ағаш егілді

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:18

Бибісараның тағы бір белесі

Шахмат • Бүгін, 09:15