
Осы орайда талапкерлерге 2020 жылғы ҰБТ-ның Білім және ғылым министрлігі жариялаған жаңашылдықтардан хабардар еткіміз келеді.
-Тұлғаның бет-әлпетін тану көмегімен (Face ID) сәйкестендіру;
-Электрондық сертификат және білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік;
-SAT, ACТ және IB халықаралық стандартталған тестерінің балдарын ҰБТ балына аудару;
-Шектік балл жинамаған тұлғаларға ҰБТ қайтадан тапсыру мүмкіндігі беріледі;
-Болашақ педагогтер үшін шектік балл - 70;
-ҰБТ барысында түсірілген бейнежазба сарапталады. Тест тапсырушылары тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталған жағдайда ҰБТ нәтижесі де, тағайындалған білім беру гранты да күшін жояды;
-ҰБТ тапсыру орындарында калькулятор беріледі;
-Тестілеу уақыты 4 сағаттан құралмақ.