
Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған онлайн брифингте жазғы мектептердің 17 тамыздан бастап жұмыс істейтіні айтылды. Оған ата-аналардың қалауы бойынша мектепке дейінгі мекемелерде болмаған немесе мектепалды даярлықтан өтпеген балалар бара алады.
Айта кетейік, біз бұған дейін 1-сыныпқа құжат тапсырудың 3 жолы бар екенін жазғанбыз.