
«Наурыз айының басында ұялы операторлардың және Цифрлы даму, инновациялар және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен дәрігерлерге көмек ретінде тегін ұялы байланыс көрсетілді. Бұл сол кезде 90 күнге деп белгіленген болатын. Наурыз, сәуір, мамыр айлары өтіп, маусым айы келсе де бұл жұмыс әлі де жалғасып жатыр. Біз тағы да ұялы операторлармен және аталған министрлікпен жаңа келісімшартқа қол қоямыз. Қазір бұл қызметті 25 мыңға дейін ұлғайттық. Бұл дегеніміз қазір коронавируспен күресте еңбек етіп жатқан 25 мың дәрігер белгіленген күн бойынша ұялы байланысты тегін қолдана алады. Сондай-ақ 15-20 гигабайтқа дейін интернет тегін болады», - деді Олжас Әбішев.