Әлем • 03 Қаңтар, 2026

Трамп: Мадуро ұсталып, елден шығарылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэлада арнайы операция жүргізіліп, ел президенті Николас Мадуро жұбайымен бірге ұсталып, ел аумағынан шығарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Трамп: Мадуро ұсталып, елден шығарылды

Трамптың айтуынша, операция АҚШ құқық қорғау органдарының қатысуымен жүзеге асқан. Ол бұл туралы Truth Social әлеуметтік желісінде жазып, толық ақпаратты Флорида штатындағы Мар-а-Лаго резиденциясында өтетін баспасөз мәслихатында жариялайтынын айтты.

CBS News дерегінше, Мадуроны ұстау операциясын АҚШ армиясының арнайы жасақтағы Delta Force бөлімшесі жүргізген.

Сонымен қатар Венесуэла вице-президенті Делси Родригес мемлекеттік телеарна эфирінде Мадуро мен оның жұбайының қазіргі уақытта қайда екенін білмейтінін мәлімдеді. Ал АҚШ Мемлекеттік департаменті Мадуроның қылмыстары үшін жауап беретінін хабарлады.

Бұған дейін Каракаста жарылыстар тіркеліп, АҚШ Венесуэла аумағындағы бірқатар әскери нысандарға соққы жасағаны хабарланған. Венесуэла билігі бұл әрекеттерді әскери агрессия деп бағалап, елде төтенше жағдай режимін енгізді.

АҚШ-тың әрекеттерін Куба, Иран және Колумбия сынға алды. Колумбия президенті Густаво Петро БҰҰ мен Америка мемлекеттері ұйымын шұғыл отырыс өткізуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20