
«Педагогикалық мамандықтың тартымдылығын арттыру бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Бұл тұрғыда басты екі механизмді атауға болады: мұғалім болғысы келетін студенттерге стипендияны арттыру; педагогикалық мамандықтар бойынша оқуға түсу үшін шекті баллды 70 баллға дейін көтеру қарастырылған. Сондай-ақ педагогикалық мамандықтарда оқитын студенттердің шәкіртақысы 42 мың теңгеге дейін артады», деді министр.