Спорт • 18 Маусым, 2020

Футзал: Финал Барселонада өтеді

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше УЕФА-ның атқару комитеті бейнеконференция өткізіп, футзалға қатысты бірқатар өзекті мәселелер бойынша келелі әңгіме қозғалды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Футзал: Финал Барселонада өтеді

Бейнеконференцияда көтерілген мәселелердің бірі – футзалдан Чемпиондар лигасының алдағы уақыттағы кестесі мен регламенті және шешуші сайыстардың өтетін жерін таңдау. Соған сәйкес аталмыш жарыстың биылғы маусымдағы жартылай финалы, үшінші орын үшін тартыс және финалдық сайысы 8-11 қазан аралығында Испанияның Барселона қаласында ұйымдастырылатын болды.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Чемпиондар лигасының жартылай финалында мына командалар өзара күш сынасады: "Барса" (Испания) – КПРФ (Ресей) және "Мурсия" (Испания) – "Тюмень" (Ресей). Осы жұптардың жеңімпаздары бас жүлде үшін таласса, жеңілгендері қола медаль үшін күш сынасады.

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше