Аймақтар • 19 Маусым, 2020

Мемлекетке 28 млн теңгеден астам қарызы бар азамат ұсталды

524 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының полицейлері әкімшілік айыппұлдарды төлеуден жалтарғандарды анықтап жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекетке 28 млн теңгеден астам қарызы бар азамат ұсталды

Мәселен, мемлекетке 28 млн теңгеден астам қарызы бар адам ұсталды. Алматы облысы аумағында полиция қызметкерлері жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының, мемлекеттік кірістер органдарының және Әділет департаментінің өкілдерімен бірлесіп “Борышкер” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр. Іс-шараның басты мақсаты – айыппұлдарды, салық міндеттемелерін, алименттерді және басқа да төлемдерді төлеуден жалтаратын жүргізушілерді анықтау.

Жедел алдын алу шарасының бірінші күнінің жұмысы нәтижесі бойынша борышкерлерден жалпы сомасы 8 млн.861 мың теңгеге 680 айыппұл өндіріліп алынды. Жеке сот орындаушыларының қаулылары негізінде жол қозғалысы саласында әкімшілік айыппұлдар бойынша елеулі қарыздары бар 13 автокөлік мамандандырылған тұрақтарға орналастырылды. Талдықорған қаласында жалпы сомасы 28 млн 568 мың теңге көлемінде салық және әкімшілік айыппұлдары бойынша берешегі бар Газель автокөлігімен Р. есімді адам ұсталды.

Атқарушылық құжаттарды уақтылы орындамағаны үшін оның автомашинасы мемлекеттік кірістер органдарының мамандандырылған тұрағына орналастырылды. Бұдан өзге, борышкерлерді аулаларды аралау арқылы тексеру жүзеге асырылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03