Білім • 14 Шілде, 2020

Қашықтан сабақ беретін мұғалімдер арнайы курстан өтеді

15694 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқитын оқушылар мен сабақ беретін мұғалімдер туралы айтты.

Қашықтан сабақ беретін мұғалімдер арнайы курстан өтеді

"Қашықтан оқыту форматында педагогтарға қойылатын бірқатар талап бар. Біріншіден, ІТ технологиясы бойынша талап. Олар ІТ технологиясы, интернет платформасы, интернет жүйесімен жұмыс істей білуі керек. Біз дайындаған біліктілікті арттыру курстарында мұғалімдерге осымен жұмыс істеуге үйретеміз", – деді Асхат Аймағамбетов.

Сондай-ақ министр қашықтан оқудың қыр-сырын меңгеру үшін мұғалімдер арнайы курс оқитынын мәлімдеді.

"Сыныпта сабақ беру мен қашықтан сабақ берудің айырмашылығы өте көп. Оқу әдістемесі тұрғысынан қарағанда бұл өте маңызды процесс, сол себепті алдымызда әріптестеріміздің кәсіби біліктілігін арттыру мәселесі тұр. 20 шілдеден бастап мұғалімдер еңбек демалысынан жұмысқа шыға бастайды. Сол кезде осы курстардан өтеді", – дейді ол.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дәмі бар балмұздақ

Кәсіпкер • Бүгін, 09:15

Шебер тірілткен құнды мұра

Көрме • Бүгін, 09:05

Жарапазан айтып жарысты

Дәстүр • Бүгін, 09:00

Наурыздың рухын асқақтатқан ән

Наурызнама • Бүгін, 08:55

Парасат пен мейірім

Қоғам • Бүгін, 08:50

Америка асқан «Қыз-Жібек»

Таным • Бүгін, 08:45

Өнегелі Ольга

Қоғам • Бүгін, 08:35

Тау көтерген толағай

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ұлт тағамын ұлықтаған

Кәсіпкер • Бүгін, 08:20

Жауапты ғұрып

Пікір • Бүгін, 08:10