Қоғам • 19 Тамыз, 2020

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауылында 150 үй салынады

920 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаты Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысына сапары аясында Қаратөбе ауданында болды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауылында 150 үй салынады

Ол орталық аудандық аурухана мен жергілікті дәріханаларда пандемиямен күресу үшін дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексерді. Аталған елдімекенде коронавирус жұқтырған науқастардың барлығы емделіп шыққанын атап өткен жөн.

Сондай-ақ сенатор Қаратөбе ауылындағы 67 тұрғын үйдің құрылысын тексерді. Қолжетімді тұрғын үй мемлекеттік бағдарлама бойынша салынуда және бұл мұнда қолға алынған жалғыз ғана жоба емес. Әкімдік тағы 83 жеке үйден тұратын тұрғын алабының құрылысын мақұлдады. Қазіргі таңда жұмысшылар мұнда инженерлік желілерді тартуда.

Сенатор мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын қоғамдық бақылаудың маңыздылығын және пандемия кезінде азаматтардың өзекті әлеуметтік проблемаларын жедел шешу қажеттігін атап өтті.

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10