
Алматы облысы Ұйғыр аудандық сотының судьясына қатысты тергеу басталды.
"Ол жеке тұлғадан сот актісін оның пайдасына шығарғаны үшін аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді. Тергеу жалғасуда", деді аса маңызды істер бойынша тергеуші.
Екіншісі Қызылорда облысы Шиелі аудандық сотының судьясы. Оған қатысты да тергеу жүргізілуде.
"Ол ресми құжаттарға жалған мәліметтер енгізу арқылы бірнеше азаматтық іс бойынша көрінеу әділетсіз шешімдер шығарды деп күдіктелуде. Аталған факті бойынша тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде байланысты жария етілмейді", деп түйіндеді ол.