Футбол • Бүгін, 19:28

15 жастағы қазақ баласы «Барселонамен» келісімшартқа отырды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15 жастағы қазақстандық шабуылшы Кәрім Меңдіқанов «Барселона» клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

15 жастағы қазақ баласы «Барселонамен» келісімшартқа отырды

Фото: offside.kz

«Испанияның жасөспірім футболы халықаралық таланттарды өзіне тарта бастады, ал қазір назар аударатын ойыншылардың бірі – Кәрім Меңдіқанов. 2011 жылы туған жас футболшы Қазақстаннан шығып, «Барселонаға» келісімшартқа отырды және келесі маусымда клубқа қосылады», деп хабарлады Mundo Deportivo порталы. 

Кәрім 2022 жылы Испанияға келген және сол уақыттан бері Каталониядағы футбол жүйесінде жаттығып келеді. Өткен маусымда ол «Серданьола» клубында өнер көрсетіп, жоғары деңгейдегі ойын қабілетін көрсетті.

Осы маусымда Меңдіқанов «Сан-Кугат» клубына ауысып, оң қанаттағы вингер ретінде командадағы маңызды ойыншылардың бірі болды. Оның жылдамдығы, жеке қарсыластарды айналып өту қабілеті оны чемпионаттағы басты шабуылшылардың біріне және лиганың үздік ассистенттерінің біріне айналдырды.

Ойыншының шеберлігі бірнеше Испан клубтарының назарын аударғанымен, ол соңында «Барселона» ұсынысын қабылдады. Кәрім ресми түрде келесі маусымда «сине-гранатовые» сапына қосылады. Сонымен қатар, Меңдіқанов «Барселона» жастар құрамасымен бірнеше жаттығу өткізді, бұл оның клубқа тез бейімделуіне көмектеседі.

Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 50 жас футболшысының қатарына енді

Өткен маусымда ол «Серданьола» клубында ойнаса, биылғы жылы «Сан-Кугатқа» ауысып, команданың көшбасшысы атанды. Осы жерде оның шеберлігі үлкен клубтардың скауттарының назарын аударды.

Кәрім Меңдіқанов «Барселона» құрылымында келісімшартқа отырған алғашқы қазақстандық футболшы болды.

Ең қымбат футболшы: «Болонья» клубы Омар Мұрадовты рекордтық сомаға сатып алды

Соңғы жаңалықтар