Қазақстан • 22 Қыркүйек, 2020

Қол астындағы қызметкері үшін қызметтен кеткен әкімдер

663 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше ғана Алматы облысындағы Текелі қаласының әкімі Бахтияр Өнербаев отставкаға кетті. Себебі тамызда Текелі әкімі аппаратының басшысы пара алып, сол үшін тамызда оған көлемді айыппұл салынған еді, деп хабарлайды Egemen.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

 

Бахтияр Өнербаев - Текелі қаласының экс-әкімі 

11

Тамыз айында қол астындағы қызметкері - Текелі әкімі аппаратының басшысы пара алған. Моно-қала әкімі аппаратының басшысы полициядан қашу үшін өзенге секіріп, батып кете жаздағаны да әлеуметтік желілерде қызу талқыланып еді.Тамызда әкім аппаратының басшысына 15 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған. Осы ұятты жағдайлардың соңын ала, Бахтияр Өнербаев орнын босатты. 

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Антон Федяев пен Ақжар ауданының бұрынғы әкімі Ербатыр Мадияров

222

Аймақтың мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының бұрынғы басшысы Батырбек Қалабаевқа бірнеше рет, жалпы сомасы - 650 мың теңге көлемінде пара алды деген айып тағылған. Тергеу мәліметі бойынша, басқарма басшысы үш рет заңсыз сыйақы алған. Бұл іске Ақжар ауданы әкімінің орынбасары Құрал Досымбеков те араласқан. Биыл 14 шілдеде Қалабаевтың үкімі шығып, 26,6 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған. Сондай-ақ, оған мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне өмір бойына тыйым салынған.Осы жағдайдан соң Антон Федяев пен Ербатыр Мадияров өз еркімен отставкаға кетуге арыз жазған. Облыс әкімі 3 қыркүйекте арызды қабылдап, шенеуніктер қызметінен босады. 

Ержан Тұрмағамбетов - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының бұрынғы әкімі 

77

Биыл наурызда Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының әкімі Ержан Тұрмағамбетов те осыған ұқсас жағдайдан соң қызметінен кеткен. Бұған аудандағы білім бөлімі басшысының жемқорлық қылмысына баруы себеп болған.

Азамат Ысқақов - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімі аппаратының бұрынғы басшысы 

3

Қостанай облысы, Қашар ауылының әкімі мекеме балансында тұрған қызметтік көлікті жөндеуге бөлінген 1 миллион 464 мың теңге бюджеттік қаражатты жеке кәсіпкердің есепшотына аудару арқылы қаражатты жымқырған деп күдіктелуіне байланысты, Рудный қаласы әкімі аппаратының басшысы Азамат Ысқақов өз еркімен қызметінен кеткен. 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15